18:30, 29 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Түрлі ұлттардың балаларына арналған жаңажылдық шырша өтті
ТАРАЗ. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдениет бірлестіктерінің белсенділері «Тараз қаласы әкімдігінің сыртқы жұмыстар және балалар шығармашылығы орталығымен» бірлесе отырып, түрлі ұлттардың балаларына арналған жаңажылдық шырша ұйымдастырды. Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түрлі ұлттық киімдер киген балалар шыршаның жанында ән салып, би биледі. Олардың ішінде елімізде және Жамбыл облысында тұрып жатқан - қазақ, орыс, грек, түрік, грузин, украин және т.б. ұлттар өкілерінің балалары бар.
Жамбыл облысының әкімі, Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Қанат Бозымбаевтың атынан балаларға сыйлықтар мен кәдесыйлар тапсырылды.