Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Тұрмағанбет ауылының сайты ашылды

ҚЫЗЫЛОРДА. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) -  Қармақшы ауданындағы Тұрмағамбет ауылының өз сайты ашылды,

Тұрмағанбет ауылының сайты ашылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол www. Turmagambet Freenet. kz деп аталады. Жаһандық желінің алғашқы беті 82 жылдық тарихы бар киелі ме­кеннің жылнамалық шежіресіне арналған. Қалған жеті бөлімнен Тұрмағамбет шайыр, Кеңес Ода­ғының Батыры Тәйімбет Көмекбаев, даңқты күрішші, Еңбек Ері, Батыр ана Сәлима Жұмабекова сынды тарланбоз тұлғалар жөніндегі энциклопедиялық мәліметтер мен ділмарлардың тапқыр сөздерін оқуға болады. Сайт дизайнын осы құтты қоныста туып-өскен информатика пәнінің мұғалімі Асылбек Мырзабаев жасаған.