Тұтынушылық белсенділіктің артуын автокөліктерге қызығушылықтың қайта жандануы растайды - ҰБ

АСТАНА. KAZINFORM – Өндірістік мүмкіндіктер сұраныс өсіміне ілесе алмай отыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.

Нацбанк
Фото: Ұлттық бан

- Тұтынушылық белсенділік артып келеді. Алдыңғы айларда біраз тұрақты болғаннан кейін сәуір айында қайта көтерілгені де байқалады. Сұраныстың өсуіне тұтынушылық кредиттеудің белсенді орындалуы мен нақты кірістердің қалыпты өсуі себеп болды. Тұтынудың жоғары деңгейі, әсіресе, азық-түлікке жатпайтын тауарлар сегментінде төлем карталары бойынша айналымның ұлғаюымен және бөлшек саудадағы тауар айналымының жандануымен расталды, - деді Тимур Сүлейменов.

Оның атап өтуінше, тұтынушылық белсенділіктің артуын растайтын қосымша фактор – ірі сатып алуларға, әсіресе автокөліктерге деген қызығушылықтың қайта жандануы.

- Инвестициялық белсенділік те жоғары болып, қаңтар-сәуір айларында 13,7 пайызға өсті. Оған инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталған мемлекеттік инвестициялар, әсіресе, Ұлттық қордан бөлінетін трансферттер едәуір үлес қосты. Біз экономикалық белсенділіктің өнімділіктің артуымен нығайғанын құптаймыз. Алайда өндірістік мүмкіндіктер сұраныс өсіміне ілесе алмай отыр, - деді ҰБ басшысы.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов криптовалютаға инвестиция салуға қатысты пікір білдірген еді.

Соңғы жаңалықтар