Тянь-Шань порталы ұжымы «ҚазАқпаратты» 95 жылдық мерейтойымен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тянь-Шань порталы ұжымы «ҚазАқпараттың» 95 жылдық мерейтойына орай құттықтау жолдады.
None
None

«Құрметті, «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің ұжымы!

Тянь-Шань порталы ұжымының атынан Сіздерді «ҚазАқпараттың» 95 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!

1920 жылы тамыз айында құрылған «ҚазАқпарат» бүгінде Қазақстандағы халықаралық дәрежедегі бірден-бір ақпараттық агенттікке айналып отыр. Өткен 95 жылдың ішінде агенттік Қазақстанда бұқаралық ақпарат саласында үлкен еңбек сіңірді. Сіздердің алыс-жақын шетелде, тіпті бүкіләлемдік деңгейде өз орындарыңыз бар. Сондай-ақ, «ҚазАқпарат» Қазақстан және ҚХР-дың екіжақты ынтымақтастығына ұзақ уақыт бойы зор үлес қосып келеді және ҚХР ШҰАӨ үкіметінің ресми сайты - Тянь-Шань порталының маңызды стратегиялық әріптесі болып табылады.

Қытай мен Қазақстанның достық қарым-қатынастарының тамыры тереңде және үнемі даму үстінде. 2013 жылы қазан айында «ҚазАқпарат» ХАА және Тянь-Шань порталы өзара әріптестік қарым-қатынасты орнатты. 2014 жылы наурыз айында «ҚазАқпарат» өзінің қытай тіліндегі нұсқасын іске қосты. Сайттың осы нұсқасы құрылғаннан кейін Қытай тарапынан зор қызығушылыққа ие болып, қытай тілді аудиторияның назарына ілікті.

«ҚазАқпараттың» қытай тіліндегі нұсқасы - ҚХР-дың Қазақстанмен және Орта Азияның басқа да мемлекеттерімен дипломатиялық, саяси, сауда-экономикалық және білім салаларындағы байланыстарын жан-жақты жандандыруға ықпал ететін ақпараттық көпір іспеттес. Сондай-ақ, «ҚазАқпарат» ХАА мен Тянь-Шань порталы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда маңызы зор деп бағалаймыз.

Тянь-Шань порталы «ҚазАқпаратпен» екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамытуға мүдделі. Сонымен бірге, «ҚазАқпаратпен» өзара тиімділік қағидаттарын ұстана отырып, жан-жақты ынтымақтастық саласындағы стратегиялық серіктестігіміздің жаңа деңгейге көтерілгенін қалаймыз!

«ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің 95 жылдық мерейтойына арналған шаралардың табысты өтуіне тілектеспіз!», делінген құттықтауда.

Соңғы жаңалықтар
Референдум