Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Тыйым салу алынғаннан кейін Қазақстанға Қырғызстаннан сүт өнімдері жеткізіле бастады

БИШКЕК. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Бүгін тыйым салу алынғаннан кейін Қазақстанға Қырғызстаннан сүт пен сүт өнімдері жеткізіле бастады.

Тыйым салу алынғаннан кейін Қазақстанға Қырғызстаннан сүт өнімдері жеткізіле бастады

Қырғыз Республикасы ауыл шаруашылығы министрі Төреғұл Беков атап өткендей, бүгін түс кезінде қырғыз-қазақ шекарасындағы «Ақ жол» қосынынан 100 тонна сүт өнімдері тиелген 5 ірі тонналы жүк көліктері өтті.

Ағымдағы жылдың 9 айында қырғызстандық сүт өнімдерін шығару зауыттары экспортқа 26, 2 млн. АҚШ долларының 23 мың тонна сүт өнімдерін жеткізген.