Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ТЖД: Жолаушылар ұшағының құлауына қалың тұман себеп болды

АЛМАТЫ. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Ұшаққа тұман салдарынан отыруға рұқсат берілмеді, ол айналып жүріп, нашар көрінушіліктен бағдарды жоғалтып, әуежайдан жеті шақырым жерде құлады. Бұл туралы қайғылы оқиға орнында журналистерге Алматы қалалық ТЖД-нің өкілдері хабарлады.

ТЖД: Жолаушылар ұшағының құлауына қалың тұман себеп болды

Әуе кемесі екіге бөлініп, өрт басталды, аман қалғандар жоқ. Ұшақта шамамен 20-22 адам болды: олар жолаушылар мен экипаж мүшелері.

Бұрын хабарланғандай, бүгін сағат 13:30-да Алматы облысы Іле ауданының Қызылту елді мекені жанында Көкшетау-Алматы бағытымен келе жатқан ұшақ құлады. Оқиға орнында ҚР ТЖ министрлігінің құтқару бөлімшелері жұмыс істеуде.

«Скат» әуе компаниясының иелігіндегі ұшақ төрт ай бұрын Словенияда жөндеуден өткен болатын.