ТЖМ Ақтөбе облысындағы су тасқынымен байланысты жағдайды тексерді
АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Шалқар және Ойыл аудандарында, сондай-ақ Қауылжыр, Ойыл, Қиыл және Үлкен Қобда өзендерінің арналарына аэровизуалды тексеру жүргізді.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жазық аумақтағы қар жамылғысы толықтай еріген, ал облыс аумағының тек 4%-ында ғана, негізінен солтүстік аудандардың ойпаң жерлерінде сақталып отыр.
Уақтылы жүзеге асырылған су тасқынына қарсы іс-шаралардың арқасында қауіпсіз әрі тұрақты гидрологиялық жағдай қамтамасыз етілді. Жүргізілген жұмыстар елді мекендерді су басу қаупінің алдын алуға, сондай-ақ еріген сулардың өзен арналары арқылы қауіпсіз әрі бақылауда өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Осыған дейін Ақтөбе облысында мұз жару жұмыстары жүргізілгені туралы жаздық.