ТЖМ аппаратының басшысы тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Марғұлан Аманбаев ведомство аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.
1973 жылы Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Дружба ауылында дүниеге келген. Жезқазған тау-кен технологиялық институтын, ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген.
2000–2006 жылдары — Астана қаласы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің №8 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы, аға инженері, бастығының орынбасары, бастығы.
2005–2006 — Астана қаласы Сарыарқа ауданының төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы.
2006–2008 жылдары — Астана қаласы өртке қарсы қызмет департаменті Сарыарқа ауданы өртке қарсы қызмет басқармасының бастығы.
2008–2012 жылдары — Астана қаласы ТЖД "Сарыарқа" ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы.
2012–2015 жылдары — Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы.
2015–2016 жылдары — Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы.
2016–2020 жылдары — Нұрсұлтан қаласы ТЖД бастығының орынбасары.
2020–2023 жылдары — Ақтөбе облысы ТЖД бастығы.
2023–2024 жылдары — ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары.
2024 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып қызмет атқарды.