ТЖМ бірқатар өңірде төтенше өрт қаупі туындайтынын ескертті
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Бірқатар облыстарда жоғары және төтенше өрт қаупі туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ хабарламада елдің батысында ауа температурасының күрт төмендеу ықтималдылығы туралы айтылған.
Астанада күн бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +30…+32°C.
Алматыда күн бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 3–8 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +25…+27°C.
Осыған дейін солтүстікті тұман басып, оңтүстікте шаңды дауыл тұратыны туралы жаздық.