Құтқарушылар Алматы тауларында аяғын сындырып алған 59 жастағы альпинисті эвакуациялады

АСТАНА. KAZINFORM- Бүгін таңертең Алматы қаласы Медеу ауданында, теңіз деңгейінен 3630 метр биіктікте орналасқан Мыңжылқы шыңында ТЖМ құтқарушылары зардап шеккен альпинисті эвакуациялады.

МЧС РК,  ҚР ТЖМ
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23-ші әмбебап құтқару бөлімшесіне альпинизм нұсқаушысынан 59 жастағы ер адам аяғын жарақаттап алғаны және биік таулы жерлерден өздігінен жүре алмай жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына шұғыл көмек көрсету үшін 23-ші әмбебап бөлімшенің құтқарушылар экипажы, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының реанимобилі жедел түрде жіберілді. Құтқарушылар қысқа мерзім ішінде Мыңжылқы шыңына жетіп, зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны эвакуациялады.

- Апаттар медицинасы орталығының реанимобилі тәулік бойы жұмыс істейді және Шымбұлақ тау шаңғысы курортының жанында кезекшілік етеді, - делінген хабарламада.

Осыған дейін Ақтөбе облысында жолда тұрып қалған автобустан 46 шетел азаматы эвакуацияланғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум