Құтқарушылар Фурманов шыңынан аяғын жарақаттап алған туристі эвакуациялады
АСТАНА. KAZINFORM - Алматы тауларында, Фурманов шыңы маңында турист төменге түсіп бара жатып, аяғын жарақаттап, жүре алмай қалған. Оның қасында екі серіктесі болды. Жедел көмек көрсету үшін ТЖМ «Барыс» РҚҚ операциялық тобы дереу шықты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, құтқарушылар Кимасар шатқалына жеткен соң, жарақат алған туристті іздеу үшін жаяу көтерілді.
-Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында жарақат алған адам табылып, Кимасар шатқалына жеткізілді. Турист төменге түсірілгеннен кейін Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылып, кейін ауруханаға жеткізілді,-делінген хабарламада.
Осыған дейін Алматы тауларында шетелдік студент адасып кеткені туралы жаздық.