ТЖМ өрт сөндіретін дрондарды қаншаға сатып алмақшы

АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов өрт сөндіретін дрондарды қаншаға сатып алатынын айтты.

Дрон
Фото: ТЖМ

«Ол дрондар негізі қытайлық технологиямен құрастырылады. Біз сатып алатын дронды өзіміздің қазақстандық фирма құрастырады. Бір дронның құны 120 млн теңгенің төңірегінде болады. Оның қандай ерекшелігі бар? 150 метрге дейінгі биікке көтеріліп, өрт сөндіре алады. Бізде бар өрт сөндіретін көліктің кез келгенінен жалғанып, қанша уақыт қажет болса, сонша мерзім бойы өрт сөндіру жұмыстарын атқара алады», - деді ол.

Пилоттық жоба сәтті іске асса кейін Астанада басқа қалаларға да таратылуы мүмкін.

«Біз үшін бұл бірінші тәжірибе. Әрі қарай Астанадан бөлек Алматы сияқты биік ғимараттары бар қалаларға осы тәжірибені таратамыз деп ойлаймыз. Бұл да әлемдік тәжірибе», - деді Шыңғыс Әрінов. 

Бұған дейін ТЖМ зәулім ғимараттарда өрт сөндіретін дрондар сатып алатынын жазған едік

Соңғы жаңалықтар