ТЖМ су тасқынының алдын алу үшін мұз жару жұмыстарын жалғастырып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны қаупінің алдын алуға бағытталған жарылыс жұмыстарын жүргізу жалғасып жатыр. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Ақжар ауданында Қулыкөл елді мекенінің маңындағы Қарасу өзенінде 1200 шаршы метр аумақта мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізілді.
Жүргізіліп жатқан іс-шаралардың негізгі мақсаты – мұз жамылғысын әлсірету және бұзу, мұз кептелістерінің пайда болуына жол бермеу, сондай-ақ мұз жүруінің кедергісіз өтуін қамтамасыз ету.
Айта кетелік Сілеті өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілген еді.