09:33, 03 Қазан 2013 | GMT +5
ТЖМ: Таразда бес қабатты тұрғын үйде пәтер өртенді - 15 адам қауіпсіз жерге шығарылды, зардап шеккендер бар
АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Тараз қаласында бес қабатты үйлердің біріндегі пәтер өртенді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

15 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР Жамбыл облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы мен жеке құрамының 10 адамы жұмылдырылды. 10 шаршы метр жер жалынға оранды. Өрт салдарынан күйік шалған 29 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылды.