ТЖМ тікұшағы науқасты шұғыл түрде тасымалдады
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында ауыр халде аудандық ауруханада жатқан 1969 жылы туған тұрғынды шұғыл түрде тасымалдады.
Санитариялық авиация рейсі арқылы науқас мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін облыс орталығындағы көпбейінді ауруханаға жеткізілді.
Экипаж бен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында науқасты жеткізу уақыты едәуір қысқарып, оның сауығып кету мүмкіндігі артты.
Айта кетелік құтқарушылар Көлсайда жылан шаққан 16 жастағы қызды ауруханаға жеткізген еді.