Ұ.Байжанов ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры қызметіне тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Ұлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры қызметіне тағайындалды.
None
None

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ұ.Байжанов әр жылдары мемлекеттік органдарда және ұлттық компанияларда басшылық қызметтерде жұмыс жасады. Атап айтқанда, Алматы қалалық атқару комитетінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі, Алматы қаласы әділет басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер вице-министрі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ вице-президенті, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры, ҚР Бас прокуроры Апаратының басшысы қызметтерін атқарды.

Соңғы жаңалықтар