17:30, 19 Шілде 2022 | GMT +5
Уәкілетті орган 254,4 млн теңгенің келісімшартын бұзуға негізсіз тапсырма берген
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда кәсіпкерлерді негізсіз ұстауға, тінтуге, ақпарат алуға жол бермеу мақсатында қызметкерлердің іс-әрекеттеріне бақылау күшейеді. Бұл туралы өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Қуаныш Мырзағали айтты, деп деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Спикердің мәліметінше, бизнес өкілдерін қылмыстық орбитаға негізсіз тартуға ерекше мән берілуде.
«Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша бір мысал айтсам, облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің «Колсай Строй» ЖШС-на қатысты заңсыз әрекеттері анықталды. Департамент Жармыш ауылының суқұбырын жөндеу бойынша 254,4 млн теңгелік келісімшартты бұзуға негізсіз тапсырма берген. Кәсіпкер уәкілетті орган басшылығының қатысуымен жеке қабылданып, бұл мәселе оңтайлы шешімін тапты», - деді Қуаныш Мырзағали.