22:47, 28 Тамыз 2017 | GMT +5
Uber-дің директорлар кеңесіне жаңадан басшы сайлады
АСТАНА. Қазақпарат - Uber директорлар кеңесі компанияны бұған дейін басқарған Трэвис Каланиктің орнына жаңа директор сайлады. Оның орнына Expedia туристік қызметінің бас директоры Дара Хосровшахи келді, деп хабарлайды Recode өзінің дерек көздеріне сілтеме жасап.

Uber бұл жаңалықты әлі растамажы. Хосровшахи ұсынысты әлі ресми түрде қабылдамағаны анық.
«Кеңес жаңа директорға дауыс берді және жуық арада компания өз шешімін қызметкерлеріне жария етеді», - делінген Uber баспасөз қызметінің хабарламасында.