ҰБТ-да үш күн ішінде 10 мыңға жуық түлек 100-ден астам ұпай жинады
Маусымның 2-сі мен 4-і аралығында өткен тестілеуге барлығы 67 602 түлек қатысты, соның ішінде қазақ тілінде білім алғандар - 47 592, орыс тілінде оқығандар - 20 010 болды. Тестілеу нәтижелері бойынша ең жоғары 125 балл жинаған түлектер саны өзгерген жоқ. Мұндай түлектер екеу: Алматы қаласының №178 лицейінің түлегі Айғаным Әбдіжаппар және Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 гимназияның түлегі Әсия Марат. Үшінші күнгі тестілеу 69 өткізу пункттерінің базасында өтті. Бұл күні межелік деңгей баллын 58 29 түлек жинай алмаған. Барлық үш күннің нәтижесі бойынша 15 936 мектеп бітіруші тиісті межелік ұпайды ала алмады. Тестілеудің үшінші күні бес пән бойынша 100-ден астам баллды 4018 адам, ал үш күннің қорытындысы бойынша - 9833 түлек жинады. ҰТО хабарлағандай, ҰБТ өткізудің барлық пунктерінде нәтижелер кешіктірілмей, уақытылы ілініп отырды, қорытындыларды өңдеуде бөгелістер болған жоқ.