UEFA чемпиондар лигасы: «Астана» екінші іріктеу сатысында қай командамен кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордалық «Астана» командасының UEFA чемпиондар лигасы екінші іріктеу сатысындағы ықтимал қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: instagram.com/fca.astana

Қазақстандық клуб жарыстың алғашқы сатысында Грузияның «Динамо» (Тбилиси) командасымен кездеседі.

Бірінші ойын өз алаңында 11-12 шілдеде өткізілсе, қарымта кездесу сырт алаңда 18-19 шілдеге белгіленген.

Ал, жарыстың екінші іріктеу сатысында Хорватияның «Динамо» (Загреб) клубымен шеберлік байқасады. Ойындар 25-26 шілде, 1-2 тамыз күндеріне белгіленген.

Бұл үшін елордалық команда жарыстың бірінші сатысында Грузияның «Динамо» (Тбилиси) командасын қапы қалдыруы тиіс.

Айта кетсек, «Астана» 2015-2016 жылғы кезеңде аталған турнирдің топтық кезеңінде ойын көрсетті.

Ал, 2016, 2017, 2018 жылдарда Еуропа лигасы топтық кезеңінде сынға түсті.


Соңғы жаңалықтар