Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Үгіт материалдары мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді болуы керек — ОСК

АСТАНА. KAZINFORM — Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысатын саяси партияларды үгіт материалдарын әзірлеу кезінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын ескеруге шақырды. 

Үгіт материалдары мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді болуы керек — ОСК
Фото: Kazinform

— Партиялар үгіт іс-шаралары мен материалдарын әзірлеу барысында көру, есту және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын ескеруі тиіс. Олар сайлаушылармен кездесулер өтетін орындардың кедергісіз қолжетімді болуын қамтамасыз етіп, жария іс-шараларды сурдоаудармамен сүйемелдеуге және сайлауалды бағдарламаларын қолжетімді форматта ұсынуға назар аударуы қажет. Саяси партияларды осы талаптарды ескеруге шақырамын, — деді партия төрағасы.

Еске сала кетейік, Құрылтай депутаттарының сайлауына 34,3 млрд теңге бөлінді.

Құрылтай сайлауында жеті партиядан 546 кандидат бақ сынайды.