Уимблдон турнирі: Бес сеттік матчта жеңіске жеткен Бублик төртінші айналымға өтті
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты.
Жарыстың 10-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемдік рейтингіде 19-орындағы америкалық Фрэнсис Тиафомен шеберлік байқасты.
Қарсыластар осыған дейін өзара төрт кездескен, есеп 2:2, тең еді.
Бірінші партияда америкалық теннисші басымдылық танытты — 6:4.
Содан кейін екі сетті Бублик алды — 7:6 (7:5), 7:6 (13:11).
Төртінші партия Тиафоның еншісінде кетті — 6:4. Дегенмен А.Бублик матчты жеңіспен түйіндей білді — 6:3.
Төрт сағат 7 минутқа созылған аса тартысты бәсекеде Бублик 48 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың тек біреуін өз есебіне жазды. Тиафо 12 эйс, 2 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.
Александр Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 7-ракеткасы, тағы бір америкалық Тейлор Фрицпен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Уимблдон турнирінде Елена Рыбакинаның орталық кортта қарсыласын ойсырата жеңгенін жазған едік.
Сондай-ақ Александр Бублик Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты.