Уимблдон турнирі: Дамир Жалғасбай жарыстың 7-ракеткасын жеңді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, 18 жастағы Дамир Жалғасбай жасөспірімдер арасында Уимблдон турнирін сәтті бастады.
Дамир бастапқы кездесуін осы жарыстың 7-ракеткасы, аустриялық Тило Берманмен өткізді.
Аустриялық спортшы матчты сәтті бастады — 6:3.
Бұдан кейін Дамир қос бірдей тай-брейкте таразы басын өзіне аудара білді — 7:6 (7:3), 7:6 (10:8).
Тартысты матч 2 сағат 13 минутқа созылды.
Дамир Жалғасбай үшінші айналымға шығу үшін оңтүстікафрикалық Коннор Дойгпен таласады.
Тағы бір қазақстандық Анна Данилина миксте америкалық Джеймс Трейсимен бірге екінші айналымда индонезиялық Алдила Сутджиади — аргентиналық Гвидо Андреоссиге жол берді — 6:7 (6:8), 7:5, 3:6.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Уимблдон турнирінде бес сеттік матчта жеңіске жеткен Александр Бубликтің төртінші айналымға өткенін жазған едік.