Уимблдон турнирі: Қарсыласын ойсырата ұтқан Заңғар Нұрланұлы үшінші айналымға шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, 18 жастағы Заңғар Нұрланұлы жекелей сында жасөспірімдер арасында Уимблдон турнирінің үшінші айналымына жолдама алды.

Заңғар Нұрланұлы
Фото: ҚТФ

Жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген Заңғар екінші айналымда аустралиялық Даниэл Йовановскиді ойсырата жеңді - 6:1, 6:1.

Матч небәрі 55 минутқа созылды.

Тағы бір қазақстандық Дамир Жалғасбай екінші айналымда аса тартысты матчта оңтүстікафрикалық Коннор Дойгқа жол берді - 6:4, 6:7 (3:7), 6:7 (6:8).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Уимблдон турнирінде Дамир Жалғасбайдың жеңісті жолын жұптық сында жалғастырғанын жазған едік.