Уимблдон турнирі: Дамир Жалғасбай жеңісті жолын жұптық сында жалғастырды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Дамир Жалғасбай жасөспірімдер арасында жұптық сында Уимблдон турнирінің екінші айналымына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші америкалық Джэйк Секордпен бірге алғашқы айналымда жарыстың 5-ракеткалары, пуэрторикалық Янник Альварез – бразилиялық Леонарда Сторк-Франкқа қарсы келді.
Қарсыластарының фаворит болғанына қарамастан, қазақстандық-америкалық жұп 7:6 (10:8), 7:6 (8:6) есебімен жеңіске жетті.
Бәсеке 1 сағат 27 минутқа созылды.
Дамир Жалғасбай – Джэйк Секорд ширек финалға шығу үшін латвиялық Рихардс Нейманис – румыниялық Матей Тодоранмен таласады.
Дамир Жалғасбай жекелей сында бастапқы кездесуінде доданың 7-ракеткасы, аустриялық Тило Берманды жеңіп, екінші айналымға шыққан еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Уимблдон турнирінде Дамир Жалғасбайдың жарыстың 7-ракеткасын жеңгенін жазған едік.
Юлия Путинцева Швециядағы турнирде алғашқы қарсыласын ұтты.
Уимблдон турнирінде Анна Данилина жарыс жолын аяқтады.