Уиткофф пен Кушнер 5-6 қыркүйекте Мәскеу мен Киевке баруды жоспарлап отыр
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Президенті Дональд Трамп арнайы өкілі Стив Уиткофф пен күйеу баласы Джаред Кушнердің Украинадағы жағдайды реттеу жөніндегі жаңа миссиямен Ресейге баратынын растады, деп хабарлайды ТАСС.
Трамп бұл туралы Ақ үйде журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде мәлімдеді. Ол Уиткофф пен Кушнерді «екі тамаша келіссөз жүргізуші» деп атады.
– Олар керемет жұмыс істеп жатыр. Біз оларды қандай да бір нәтижеге қол жеткізе аламыз ба, соны анықтау үшін жібердік. Бұған қол жеткізуге жақсы мүмкіндік бар деп ойлаймын, – деді Дональд Трамп Украинадағы жағдайды реттеу жөніндегі күш-жігерге қатысты пікір білдіріп.
Бұған дейін ТАСС дереккөзі Стив Уиткофф пен Джаред Кушнердің 5-6 қыркүйекте Мәскеу мен Киевке баруды жоспарлап отырғанын хабарлаған.
Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремль америкалық келіссөз жүргізушілермен Ресей тарапының байланыстары болған жағдайда бұл туралы ақпарат беретінін мәлімдеді.