«Үкімет - азаматтар үшін» корпорациясы xалыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет ауқымын кеңейте түседі - Аида Әбибуллаева
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Үкімет - азаматтар үшін" мемлекеттік корпорациясы іске қосылғаннан кейін, xалыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет ауқымы кеңейе түседі.
Бұл туралы "ҚазАқпарат" тілшісіне берген сұxбатында Қызылорда облыстық Халыққа қазмет көрсету орталығының директоры Аида Әбибуллаева мәлім етті.
"Үкімет - азаматтар үшін" мемлекеттік корпорациясы болғаннан кейін, xалыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет ауқымы кеңейе түседі. Қазіргі уақытта халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 212 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік корпорация бірінші кезеңде 522, ал екінші кезеңде 700-ден астам мемлекеттік қызмет ұсынатын болады. Яғни әрбір азамат ол жұмысты кедергісіз, тез әрі ыңғайлы уақытта ала алады. Сонымен бірге ол экономикалық тиімді жоба. Бұл азаматтарға жасалған жағдай деп есептейміз", - деді ол.
Айта кетейік, аталмыш мемлекеттік корпорация құру туралы тапсырма Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген.
Атап айтқанда, Ұлт жоспарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің провайдеріне айналатын «Үкімет - азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясын құру көзделген еді. Бұл корпорация халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтарды бір жүйеге келтіріп, азаматтар мемлекеттік қызметтерді бір жерден алатын болады.
Кәсіпорындарды біріктірген соң, онда ХҚКО-лардыңа қолданысындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бірыңғай стандарттары қолданылады. Мысалы, «ЗТМО» РМҚК өз қызметтерін сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін, ал ЖерҒӨО сағат 9.00-ден 18-30-ға дейін көрсететін болса, онда мемлекеттік корпорацияда барлық қызметтер сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20-00-ге дейін көрсетілетін болады.
Мемлекеттік корпорация қызметкерлері қызметті көрсетуге өтінімді қабылдау және дайын құжаттарды беруден басқа, оларды өңдеуді жүзеге асырады. Сондай-ақ, шалғай елді мекендерде тұратын азаматтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін «Қазпочта» инфрақұрылымы пайдаланылатын болады.
Айта кетерлігі, «Үкімет - азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы акционерлік қоғам, коммерциялық емес ұйым түрінде құрылады. Оның директорлар кеңесінің құрамына барлық министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, тәуелсіз сарапшылар енеді. Тұтастай алғанда, «Үкімет - азаматтар үшін» бірыңғай провайдерін құру арқылы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының базасына Жер кадастры, жылжымайтын мүлік орталықтары, Зейнетақы төлеу орталықтары мемлекеттік мекемелерін біріктіру көзделеді. Бұл ретте заң жобасымен көрсетілетін қызметтер сапасын мейлінше жақсарту, оларды көрсету мерзімдерін қысқарту көзделеді.