Үкімет басшысы ауылға бөлінген қаржыны игермеген өңірлерді сынады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында «Ауыл – ел бесігі» жобасына бөлінген қаржыны уақтылы игермеген өңірлер аталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: primeminister.kz

«Өткен жылы Ұлытау облысының Атасу, Бидайық, Бостұмсық және Сарысу ауылдарында медицина мекемелерінің құрылысына қажетті қаражат толығымен бөлінген болатын. Алайда, құрылыс жұмыстары әлі күнге дейін аяқталмаған.

СҚО-ның Мүсірепов атындағы ауданда ұзындығы 53,5 шақырым болатын жол құрылысы былтыр біту керек еді. Бірақ, жоспарланған көлемнен небәрі 26,5 шақырым жол пайдалануға берілген. Демек, жоспардың 50% әлі күнге орындалмай отыр», - деді Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Министрлер кабинеті басшысының айтуынша, өңірлерде қаражатты тиімді пайдалану өте маңызды.

«Бір ауданда бірнеше жоба іске асырылып, басқа ауданда бірде-бір жоба іске асырылмайтын жағдайлар болмауы керек», - дейді ол.


Бұған дейін Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Ауыл – ел бесігі» жобасына кейінгі үш жылда 326 млрд теңге, биыл 198 млрд теңге бөлінгенін айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар