Биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасына 198 млрд теңге бөлінді – Смайылов

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Ауыл – ел бесігі» жобасына бөлінетін қаражаттың ұлғаятынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл – ел бесігі» жобасын қаржыландыру жыл сайын ұлғайып келеді. Соңғы 3 жылда осы мақсатқа республикалық бюджеттен 326 млрд теңге бөлінген болатын. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша 3,7 мыңнан астам жоба 1 мыңнан астам ауылда іске асырылды. 33 мың жұмыс орны құрылды. Биыл республикалық бюджеттен 198 млрд теңге бөлінді. 800 елді мекенде шамамен 2 мың жоба іске асырылады. Бөлінген қаржыны игеру қарқыны Павлодар, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында жақсы», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Үкімет басшысының мәліметінше, Алматы және Ұлытау облыстарында қаржы игеру деңгейі төмен.

«Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану, тендерлерді уақытында өткізбеу, тиісті бақылаудың болмауы объектілерді енгізу мерзімдерінің бұзылуына әкеледі», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар