Үкімет басшысы Эстония Премьерімен кездесті

күйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін   Үкімет   басшысы   Кәрім   Мәсімов Эстония Премьер-Министрі   Андрус    Ансиппен   кездесті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін қол жеткізілетін келісімдер екі ел арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетін барынша қолдануға көмектесетініне сенімдімін.  Меніңше, біз көп салалар бойынша қарым-қатынасты кеңейте аламыз», деді К. Мәсімов кездесу барысында.

Өз кезегінде Эстония Премьер-Министрі екі ел арасындағы экономикалық және саяси тұрғыда қарым-қатынас жоғары деңгейде екенін атап өтті. Осы орайда ол екі ел арасындағы байланыстарды кеңейту кеңістігінің мүмкіндігі мол екенін жеткізді.

 Қаржы министрлігінің мәліметіне қарағанда,2008 жылы Қазақстан мен Эстония арасындағы тауар айналымы 75,5 млн. АҚШ долларын құраған. Оның ішінде 20,9 млн. экспорт, ал 54,6 млн. доллары импорт. Атап айтқанда, биылғы жылдың 5 айында тауар айналымы 23,8 млн. АҚШ долларына жеткен.

 Қазақстан экспортының құрылымында қара металлургия, химия өнеркәсібі, неорганикалық химия, радиоактивті материалдар және астық өнімдері бар.  Ал импортталатын өнімдердің ішінде азық-түлік өнеркәсібі, алкогольсіз сусындар, сірке суы, темекі, халықтың тұтыну тауарлары, электромашиналар, сондай-ақ басқа да құрылғылар тасымалданады.  Бүгінде Қазақстанда эстониялық  капиталдың қатысуымен бірлескен 8 кәсіпорын жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар