Үкімет басшысы Грузия Елшісін қабылдады

АСТАНА. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат. Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Грузияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Зураб Шургаиямен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.ҚР Премьер-Министрі дипломатиялық қызметі аяқталып жатқан Зураб Шургаияға Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы екі жақты қарым- қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Өз кезегінде Елші Премьер-Министрге Грузия мен Қазақстан арасындағы сауда- экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамыту ісіне қолдау көрсеткені үшін ризалығын жеткізді.«Қазақстан Грузия үшін өте маңызды инвестициялық, шешуші жобаларды қолға алды. Біз қазақстандық бизнестің Грузиядағы инвестициялық жобалары ешқандай кедергісіз іске асырылуы үшін бар күшімізді саламыз. Грузия мұндай қарым-қатынасқа барынша мүдделі»,- деді З.Шургаия.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Грузия арасындағы экономикалық байланыстарды әрі қарай дамыту бағыттарын талқылады. Кездесу соңында Кәрім Мәсімов екі жақты қарым- қатынасқа анағұрлым серпін беретін сауда- экономикалық және мәдени- гуманитарлық ынтымақтастықтың әрі қарай да дәйекті дамитынына сенім білдірді.
Соңғы жаңалықтар