Үкімет басшысы Түркістан облысы мен Шымкент әкімін құттықтады
«Өздеріңізге мәлім, Елбасы Жарлығына сәйкес, Түркістан облысы құрылды. Орталығы - Түркістан қаласы. Ал миллион тұрғыны бар Шымкент республикалық маңызы бар қала санатына ие болды. Бұл өңірлердің жаңа әкімдері өткен аптада Елбасының Жарлығымен тағайындалды. Біз Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевты Түркістан облысының әкімі және Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымовты Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалуларымен құттықтаймыз. Сіздердің алдарыңызда тұрған жұмыстың ауқымы үлкен. Сол себептен, сіздердің жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз", - деді Үкімет басшысы.
Еске сала кетсек, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру және облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.