12:33, 26 Маусым 2016 | GMT +5
Үкімет басшысының Pm.kz сайтының жаңа нұсқасы іске қосылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің Pm.kz сайтының жаңа нұсқасы іске қосылды, деп хабарлады Үкімет басшысының ресми сайты.

Бұл ақпараттық порталдың өзгеше ерекшеліктері ыңғайлы интерфейс, жаңартылған дизайн, қолжетімділік және мобильділік болмақ.
«Сіздер үшін Pm.kz ҚР Премьер-Министрінің және Үкіметінің жұмысы туралы барлық өзекті, жедел және анық ақпаратты таба алатын пайдалы ресурсқа айналады деген үміттеміз», - делінген сайттың хабарламасында. .
Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қызметі туралы түрлі ақпаратты сондай-ақ мына жерден таба аласыздар:
https://twitter.com/karimmassimov
https://www.facebook.com/KMassimov
https://vk.com/kmassimov