Үкімет құрамына алғаш кірген министрлер ант берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында жаңа министрлер кабинетінің құрамына енген лауазым иелері ант берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық Заңды орындау үшін Үкімет құрамына алғаш кіргендердің ант беру рәсімі өтеді», - деді Премьер-Министр Асқар Мамин.

Сонымен, Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ант берді.

«Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаным Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптірін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант беремін!», - деді бүгін министр лауазымына алғаш кіріскен ведомсво басшылары.null

Соңғы жаңалықтар