Үкімет үйінде экономикалық қарым-қатынастарды тереңдету мәселелері талқыланды

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Шанхай ынтымақтастық ұйымы Іскерлер Кеңесінің Басқарма Төрағасы (ШЫҰ ІК), РФ Федерация Кеңесі Төрағасының орынбасары Дмитрий Мезенцевпен кездесті,

Үкімет үйінде экономикалық қарым-қатынастарды тереңдету мәселелері талқыланды
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде ШЫҰ Іскерлер Кеңесінің жұмысын және Ұйым аясында экономикалық қарым- қатынастарды тереңдету мәселелері талқыланды.Д.Мезенцев ШЫҰ ІК ынтымақтастықтың экономикалық қырларын жан-жақты талқылауға мүдделі екенін білдірді. Осы орайда ШЫҰ Іскерлер Кеңесінің Басқарма Төрағасы Д.Мезенцев ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовті биылғы маусым айында өтетін ХIII Петербор халықаралық экономикалық форумының жұмысына қатысуға шақырды.«Біз Қазақстан делегациясы үкіметтік блоктан және бизнес өкілдерінен құралады деп сеніп отырмыз»,- деді Д.Мезенцев. Сондай-ақ ол «Қазақстан бастамалары ШЫҰ Іскерлер Кеңесінің әрі қарайғы жұмысына серпін беретініне» сенімді екенін білдірді.