Үкімет үйінде қазақ-қытай стратегиялық әріптестігін әрі қарай нығайту мәселелері талқыланды

АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қытай Халық Республикасының мемлекеттік энергетика басқармасының бастығы Чжан Габао бастаған қытайлық делегациямен кездесті,

Үкімет үйінде қазақ-қытай стратегиялық әріптестігін әрі қарай нығайту мәселелері талқыланды
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында қазақ-қытай стратегиялық әріптестігін әрі қарай нығайту және экономиканың түрлі салаларында екі елдің өзара іскерлік қарым-қатынасын тереңдету мәселелері талқыланды.Бұл орайда Үкімет басшысы жуық арада ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қытайға жасаған сапары барысында қол жеткізілген келісімдердің маңыздылығын айырықша атап өтті. «Жоғары саяси деңгейде қабылданған барлық шешімдерді іс жүзіне асырудың маңызы ерекше», - деді Премьер-Министр.Тараптар отын-энергетикалық және инфрақұрылымдық салаларда ғана емес, сонымен қатар экономиканың өзге де жобаларын бірлесіп іске асыруда жан-жақты ынтымақтастықты дамытудың болашағы зор екеніне тоқталды.