Үкімет үйінде мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімі өтті

АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша мемлекет алдындағы еңбегі, ,

Үкімет үйінде мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімі өтті

белсенді қоғамдық жұмысы, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін марапатталған  тұлғаларға мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімі өтті. Бұл туралы Премьердің баспасөз қызметінен мәлім етті.

ҚР Премьер-Министрі  Серік Ахметов ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің жауапты хатшысы Ерғазы Нұрғалиевке, «Қазпошта» АҚ басқармасының төрағасы Аркен Арыстановқа, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Ерік Сұлтановқа  «Парасат» орденін табыс етті.

 «Құрмет» орденімен «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Қуандық Бишімбаев, Премьер-Министр Кеңсесі Жетекшісінің орынбасары Ғабит Матаев, Көлік және коммуникация  вице-министрі Қайрат Әбсаттаров, Экономикалық даму және сауда вице-министрі Тимур Жақсылықов, ҚР Бәсекелестікті  қорғау  жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Әлиакпар Мәтішев, сондай-ақ Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлері, мемлекеттік және қаржылық құрылымдардың жетекшілері марапатталды.

«Ерлігі үшін» медалімен ІІМ Әкімшілік полиция Комитетінің төрағасы  Игорь Лепеха марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» медаліне Қаржы  вице-министрлері  Руслан Дәленов пен Берік Шолпанқұлов, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік дамыту бөлімінің меңгерушісі Серік Қожаниязов, Премьер-Министр Кеңсесінің басқа да жауапты қызметкерлері  ие болды.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» мәртебелі атағы  «Парасат» Ұлттық-ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ басқармасының төрағасы Нұралы Бектұрғановқа  берілді.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен  ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қаныш Төлеушин, Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі  Дариға Нәкенова, Премьер-Министр Кеңсесінің басқа да жауапты қызметкерлері марапатталды.