Үкімет жыл сайын мектептер мен ауруханалар салу жөніндегі тапсырмаларды жүзеге асыруды құрдымға кетіріп отыр - Мәжіліс депутаты М.Айсина

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Үкімет жыл сайын мектептер мен ауруханалар салу жөніндегі тапсырмаларды жүзеге асыруды құрдымға кетіріп отыр. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсина палатаның жалпы отырысында 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулерді талқылау барысында осындай мәлімдеме жасады.
None
None

«Айтуға ұят, бұл бағдарлама мерзімі бойынша 2011 жылы-ақ аяқталуға тиіс еді», - деді М.Айсина.

Депутат қазірге дейін 92 мектепте балалар үш ауысымда оқып жүргенін, 189 мектеп апатты жағдайда тұрғанын атап өтті. Ал енді Үкімет Білім министрлігінен игере алмай отырған 22 миллиардтан астам теңге қаржыны алып тастауды сұрайды, бұл ақшаға кемінде 20 жаңа мектеп салуға болар еді.

Соңғы жаңалықтар