Үкіметте Ауғанстандағы жағдайды реттеуге қатысты халықаралық күштер ауқымында ҚР мен АҚШ арасындағы өзара іс-қимылды әрі қарай дамыту жайы қаралды
АСТАНА. Ақпанның 21-і. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов АҚШ-тың Ауғанстан және Пәкістан елдері бойынша арнаулы өкілі Ричард Холбрукпен кездесті,
деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Кездесуде Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, оның ішінде екі жақты және көп жақты деңгейдегі өзара іс-қимылды дамытуға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.
Атап айтқанда, Ауғанстандағы жағдайды реттеуге қатысты халықаралық күштер ауқымында екі ел арасындағы өзара іс-қимылды әрі қарай дамыту жайы қаралды. Сонымен қатар, 2010 жылы Қазақстанда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізуге қатысты әңгіме өрбіді.
Кездесуге қатысушылар Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы қарқынды қарым-қатынастардың одан әрі нығаятынына сенім білдірді.