Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҰҚК көліктегі полиция қызметкерлерінің ұсталғанын растады

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Екі қызметкердің ескірткі тасымалына қатысы болуы мүмкін. Қазір тергеу жүріп жатыр. 

ҰҚК көліктегі полиция қызметкерлерінің ұсталғанын растады
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, көліктегі полиция қызметкерлері Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында ұсталды. Олар ескірткі тасымалына қатысты іс бойынша күдікке ілікті. Қылмыстық кодекстің «Ескірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу» бабы бойынша іс қозғалды.

— ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті сұрауыңызды қарастырды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, — деп жауап берді ҚР ҰҚК бөлімше бастығы Олжас Бектенов.

Егер күдіктілердің қылмыстық ісі дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, Атырау — Ақтөбе бағытындағы пойызда билетсіз жолаушы қайтыс болды. «Жолаушылар тасымалы» компаниясының мәліметінше, оқиға 2026 жылдың 13 шілдесінде Қандыағаш — Ақтөбе учаскесінде болған.