ҰҚК Жамбыл облысының шекарасында атыс болды деген ақпаратты жоққа шығарды

АСТАНА.KAZINFORM – Бұған дейін желіде Жамбыл облысындағы шекарашылардың оқ атуға мәжбүр болғаны және бірнеше адамның жараланғаны туралы ақпарат тараған болатын, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

шекара
Фото: Kazinform/Әлихан Асқар

Кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді. 

Ведомство тексерілмеген ақпаратты таратқанда абай болу керектігін еске салды.

Қылмыстық кодекстің 274-бабының 3-тармағына сәйкес, БАҚ, телекоммуникация желілерін және интернет-алаңдарды пайдалана отырып, жалған ақпарат тарату үш мың АЕК (11 796 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартуға, 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға жегуге немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу немесе айыру жазасы қарастырылады. 

Бұған дейін Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы бақылау-өткізу бекеті тәулік бойы жұмыс істеуге көшкені хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар