Үкімет басшысы: Перизат Қайрат ісі — заңнамалық өзгерістер үшін мүмкіндік

АСТАНА. KAZINFORM — Үкімет басшысы Олжас Бектенов миллиардтаған қаржыны жымқырды деп күдікке ілінген қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайраттың ісіне қатысты пікір білдірді.

Перизат Кайрат упомянула в суде имя Бауыржана Байбека
Коллаж: Kazinform

Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Премьер-Министр Олжас Бектеновке:

— Қазір Перизат Қайратқа қатысты миллиардтаған қаражаттың жымқырылуына байланысты резонансты іс жүріп жатыр. Осы орайда қайырымдылық қорлары мен қаражат жинаумен айналысатын ұйымдарға қойылатын талаптар мен олардың жұмысына қандай да бір өзгерістер енгізіле ме? — деген сауал қойылды.

— Иә, мен бұл жағдайдан хабарым бар. Өкінішке қарай, өмір көрсетіп отырғандай, тек бюджет қаражаты ғана емес, азаматтардан қайырымдылық ретінде жиналған қаражат та мақсатсыз жұмсалып жатыр. Бұл кейс - соның айқын мысалы. Бұл - жалғыз оқиға емес, басқа да мысалдар бар. Бірақ, бұл істі ең резонансты деуге болады, — деп жауап берді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы қаржы механизмдерін заңнамалық тұрғыдан қайта қарау қажеттігін атап өтті. 

— Қаражаттың жұмсалуы туралы есеп бақылауда әрі ашық болуы керек. Сондықтан бұл жерде, меніңше, Үкімет тарапынан да, құқық қорғау органдарының негізінде де, ұрлықтың нақты қалай жүзеге асқанын анықтау керек. Бұл - тиісті заңнамалық түзетулерді қабылдауға мүмкіндік. Болашақта осы секілді құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталады, — дейді ол.

Айта кетейік, бүгінгі сот отырысында «Асар-Үме» қорының президенті Перизат Қайратқа 200 млн теңге аударғанын айтты. Перизат Қайрат қаражатқа Газа секторы тұрғындарына қажетті тауардың сатып алынғаны жөнінде есеп беруі тиіс болған. Алайда, қор президентінің айтуынша, уәде етілген есеп берілмеген. 

Кешегі сот отырысында белгілі болғандай, Biz birgemiz қорының құрылтайшылары қорды құру туралы хаттамаға қол қоймаған

Сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы Перизат Қайрат пен оның анасына тағылған айыптарды тізбектеп шықты

Судья сұрағына жауап берген Перизат Қайрат айыптар негізсіз тағылды деп, мойындамайтынын жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар