Үкімет пен ОРЕС Халықаралық даму қоры арасындағы келісім ратификацияланды

АСТАНА. KAZINFORM – Президент Үкімет пен ОРЕС Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды. 

Ақорда
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ОРЕС Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.