Үкімет ядролық сынақтан зардап шеккендерді әлеуметтік қорғаудың жаңа тәсілдерін зерделеуі тиіс — КС

Мэр Хиросимы выразил протест Вашингтону в связи в ядерным испытанием в Неваде
Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM — Үкімет ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша жаңа қағидаттар мен тәсілдерді зерделеуі қажет. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова айтты.

«Қолданыстағы заңдардың Конституциялық сот түсіндірме берген нормаларына заң шығарушы барынша тиімді нормативтік құқықтық реттеуді әзірлеу бөлігінде назар аударуы қажет. Мәселен, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Үкіметке зақымдалған аумақтардағы қазіргі радиоэкологиялық ахуалды, сондай-ақ әлеуметтік, экологиялық, демографиялық, медициналық және өзге де факторларды ескере отырып, жаңа қағидаттар мен тәсілдерді зерделеу қажет», — деді Конституциялық сот төрағасы.

Оның атап өтуінше, саралануы әртүрлі іс-әрекеттер үшін бірыңғай қылмыстық санкцияларды көздейтін Қылмыстық кодекстің нормалары заң шығарушының назарын талап етеді.

«Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы нормаларда акцизделетін тауарлар айналымы кезінде азаматқа келтірілген ірі залал мен елеулі мөлшердің анықтамаларын өзара үйлестіру қажет», — деді Эльвира Әзімова.

Соңғы жаңалықтар