Украина Премьер-министрінің Қазақстанға ресми сапары барысында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады

АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Украина Премьер-министрінің Қазақстанға ресми сапары барысында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады. Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
None
None

23-24 қараша аралығында елімізге алғаш рет Украинаның Премьер-министрі Николай Азаров ресми сапармен келеді. «Сапар барысында ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болады және Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен кездеседі деп күтілуде», - деді А. Әбибуллаев.

Сапар аясында бірқатар екіжақты маңызды үкіметаралық келісімдерге қол қою көзделіп отыр.

«Украина Премьер-министрінің сапары барысында екі ел арасындағы іскер топтарының және құзыретті мемлекеттік мекемелердің қатысуымен Қазақстан-Украина бірлескен бизнес-форумы өтеді»,-деді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар