Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Украина ұлттық заңнаманы Кеден одағының бірқатар нормаларына бейімдеуі қажет - В.Янукович

АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Украина ұлттық заңнаманы Киевтің халықаралық міндеттемелеріне қайшы келмейтіндей етіп, Ресей, Беларус және Қазақстан Кеден одағының бірқатар нормаларына бейімдеуі қажет.

Украина ұлттық заңнаманы Кеден одағының бірқатар нормаларына бейімдеуі қажет - В.Янукович

Бұл туралы украин президенті Виктор Янукович бүгін «Комсомольская правда в Украине» басылымында жарияланған сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Януковичтің айтуынша, қазіргі кезде «екі тараптан да сарапшылар бұл мәселемен жұмыс жасауда». «Олар нақты ұсыныстарын 18 желтоқсанға әзірлеуді (Януковичтің Мәскеуге жұмыс сапары күні) жоспарлаған болатын. Бірақ та кездесуді кейінге қалдыруға тура келді, өйткені сарапшылар болашақ уағдаластықтың бүге-шігесін түгел келісіп үлгірмеді», деп түсіндірді ел президенті.

Оның айтуынша, Украина Кеден одағымен «өзара тиімді ынтымақтастықтың құралдары мен мүмкіндіктерін» іздестіруді жалғастыруда.

Янукович Кеден одағы елдері «украин өнімдерін өткізетін үлкен нарық» екенін атап көрсетті, ал КО мемлекеттерімен тауар айналымы 60 млрд. доллардан асады.