20:31, 09 Шілде 2010 | GMT +5
Украинаның бұрынғы президенті Леонид Кучма Нұрсұлтан Назарбаевтың мерейтойымен құттықтады
АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат - Украинаның бұрынғы президенті Леонид Кучма Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Украинаның 1994-2005 жылдардағы Президенті Леонид Кучма мерейтой иесін шын жүректен құттықтай келе, Нұсрұлтан Назарбаевқа зор денсаулық, болашаққа деген өшпес сенім мен сарқылмас күш-қуат, Қазақстан мен Украина халықтарының достығын одан әрі нығайта беруге тілек білдірді.