ҰҚШҰ ауқымында дағдарыс жағдайларын басқарудың ұлттық орталықтары жүйесін құру жоспарлануда - С.Шойгу

АСТАНА. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) ауқымында дағдарыс жағдайында басқарудың ұлттық орталықтары жүйесін құру жоспарлануда, деп хабарлады Ресей ТЖМ басшысы Сергей Шойгу ҰҚШҰ-ның төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің екінші отырысы аяқталғаннан кейін,
None
None

деп хабарлайды РБК агенттігі.

«Біз ҰҚШҰ ауқымында ұлттық басқару орталықтарын құруымыз қажет. Олар бір-бірімен кейбір жағдайда ықпалдасып отыруы тиіс», - деді ол.

С.Шойгу сондай-ақ мұндай жүйені құру жөніндегі нақты жоспарлар ҰҚШҰ мүшелерінің осы отырысында белгіленгенін айтты. Бұдан басқа оның айтуынша, төтенше жағдайларға жедел үн қату жөніндегі бірыңғай тәртіп және біртұтас ақпараттық база құру мәселелері талқыланған. Сондай-ақ ТМД мамандарын даярлайтын полигон құру және оқыту бағдарламаларын дамытуды жалғастыру мәселелері қаралды.

Ал ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжа отырыста құрамына ТМД бөлімшелері кіретін Жедел әрекет ету ұжымдық күштерін қолдану мәселесіне зор көңіл бөлінгенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар