ҰҚШҰ елдерінің СІМ басшылары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай мәлімдеме қабылдады

Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады. Сыртқы саясат ведомстволарының басшылары халықаралық саясаттың қазіргі проблемларын және ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік аймағы үшін қауп-қатерлерге байланысты оның алдын алу шараларын талқылады.
ҰҚШҰ СІМ Кеңесі отырысының барысында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мүше-мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің мәлімдемесі қабылданды.
"Біз, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мүше-мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында соғыс майдандарында, партизан жасақтарында, бомбалау астында, басып алу кезінде және концентрациялық лагерлерде, сондай-ақ аштықтан, суықтықтан және қоршауда қаза болған ондаған миллион отандастарымыздың рухына бас иеміз. Жеңісті өздерінің жанқиялық еңбегімен жақындатқан тыл еңбеккерлерінің, солардың ішінде балалардың ерлігін еске аламыз», - делінген құжат мәтінінде
ҰҚШҰ мүше-мемлекеттері Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындыларын қайта қарвап, бұрмалауға, тарихты қайта жазуға бағытталған әрекеттерді қабылдамайды және батыл айыптайды. "Нацизмді батыр етіп көрсету және соғысқұмар ұлтшылдықтың кез келген түріне жол беруге болмайды деп санаймыз. Сондай-ақ Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында антигитлерлік коалицияға қарысы әрекет еткен және нацистерге қызмет еткендерді ұлттық батырлар ретінде ұлықтауға тырысқан әрекеттердің кез келген көрінісін айыптаймыз. Фашизмді жеңген елдер неофашизм, шовинизм және ксенофобияның басқа да түрлері көріністеріне барынша тосқауыл қоюы тиіс. Әлем халықтарының нацизммен күрескеі қосқан үлесін атап өте отырып, барлық елдерді қаза тапқандардың есімін қастерлеп сақтауға шақырамыз», - деп атап өтілген Мәлімдемеде.