ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің бірлескен экспозицияларын қалыптастыру мәселесі Бішкекте өтетін отырыста қаралады

МӘСКЕУ. 4 қазан. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Бейсенбі күні Бішкекте ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының IX отырысы өтеді.

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің бірлескен экспозицияларын қалыптастыру мәселесі Бішкекте өтетін отырыста қаралады

ҰҚШҰ баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов хабарлағандай, Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссияның ұлттық бөлім төрағалары шағын құрамда өткен жылғы жұмысты қорытындылап, алдағы уақыттағы даму жолдарын қарастырады. Сондай-ақ Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссияның кезекті үш жылғы кезеңдегі жаңа төрағасын сайлау туралы мәселе де қаралады.

Сонымен қатар, отырыстың күн тәртібінде ҰҚШҰ мүшелерінің жарнамалық-көрмелік қызметі тұжырымдамасының жобасы; Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссияның 2012 жылғы жұмыс жоспары туралы жоба, сондай-ақ «ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс-өнеркәсіп кешені» атты мемлекетаралық анықтама қыметін құру мәселелері де талқыға түседі деп күтілуде.